«ROBOTIME» спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстар

Бүгін, 2022 жылғы 29 қарашада Оқушылар сарайында «ROBOTIME» спорттық робототехника бойынша кезекті облыстық жарыстар өтті. Жарысқа Петропавл қаласы мектептерінен және облысымыздың 7 ауданынан: Мамлют, Айыртау, Есіл, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Мағжан Жұмабаев аудандарынан 50 команда құрамында 100 бала қатысты.

Бес жарыс санатынан басқа, бүгін қатысушылар алғаш рет «Робо Асық ату» жаңа санатында бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

«Қадам басқан Робот эстафетасы» санаты:

1 орын – «Бегиног» командасы (Тимошенко Александр, Грибанов Кирилл), «Қосымша білім беру орталығы» МКҚК, Айыртау ауданы;

2 орын – «Robotrek» командасы (Жүнісов Аят, Ербол Әлихан), «Қызылжар Абай орта мектебі» ҚҚ, Қызылжар ауданы;

3 орын – «RobotTop32» командасы (Ибрагимов Денис, Волкович Александр), «№32 орта мектебі» КММ, Петропавл қ.

«Кегельринг» санаты:

1 орын – «Calculus» командасы (Семячко Евгений, Садриев Жансар), «Қызылжар Абай орта мектебі» ҚҚ, Қызылжар ауданы;

2 орын – «Пиксель» командасы (Иванов Дамир, Максимкин Эльдар), «№2 Саумалкөл МГ» КММ, Айыртау ауданы;

3 орын – «Transformer» командасы (Добош Данил, Грабовский Данил), «Қызылжар Абай орта мектебі» ҚҚ, Қызылжар ауданы.

«СУМО» санаты:

1 орын – «Terminator» командасы (Талғатов Даниал, Хакімбек Амина), «Новоишимский қазақ орта мектебі» КММ, Ғабит Мүсірепов ауданы;

2 орын – «Адмирал» командасы (Засоба Захар), «Қосымша білім беру орталығы» МКҚК, Айыртау ауданы;

3 орын – «Куш» командасы (Серікбай Арғын, Қуандық Махамбет), «Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ, Айыртау ауданы.

«Арқан тарту» санаты:

1 орын – «RobotTop32» командасы (Тюменев Рауль, Павлов Никита), «№32 орта мектебі» КММ, Петропавл қ.;

2 орын – «ARSENAL» командасы (Оразбай Арсен, Жандос Наурызбай), «Петровка орта мектебі» КММ, Есіл ауданы;

3 орын – «Электрон» командасы (Еремұрза Ділназ, Асқар Жанерке), «№2 Саумалкөл МГ» КММ, Айыртау ауданы.

«Сызықтар бойынша жарыс» санаты:

1 орын – «Альфа» командасы (Бейсен Нұрбақыт, Нұрлан Марсель), «Әл-Фараби» мектеп-лицейі» ҚММ, Петропавл қаласы;

2 орын – «Adasan» командасы (Смағұл Әділжан, Смағұл Асанәлі), «Әл-Фараби» мектеп-лицейі» ҚММ, Петропавл қаласы;

3 орын – «Reebok» командасы (Галицкий Родион, Верещагин Артем), «Өркен» өнер мектебі» КММ, Шал ақын ауданы.

«Робо Асық ату» санаты:

1 орын – «Adasan» командасы (Смағұл Әділжан, Смағұл Асанәлі), «Әл-Фараби» мектеп-лицейі» ҚММ, Петропавл қаласы;

2 орын – «Bot3» командасы (Марат Алдияр, Нұршат Жалын), «Сарытомар ОМ» КММ, Мағжан Жұмабаев ауданы;

3 орын – «Nike» командасы (Сәдуақасов Даниал, Ысқақ Темірлан), «Петровка орта мектебі» КММ, Есіл ауданы.

Барлық жеңімпаз командаларға тиісті дипломдар табысталды.

Біз «ROBOTIME» спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз, команда басшыларына алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

 

Мақаланы құрған күні: 29.11.2022