Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі туралы ақпарат

2023 жылғы 28 қаңтарында ҚМУ «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» базасында, 9-11 сыныптар арасында Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге аудан, қалалар мен облыстық білім беру ұйымдарынан 32 командасы қатысты.Турнирдің мақсаты: Қазақстандық патриотизмді, өскелең ұрпақтың азаматтығын қалыптастыру және Республикадағы мектепішілік пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау,қолдау.Пікірсайысшылар үш лигада – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Пікірсайыс раундтарындағы талқылаулар барысында Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметінің өзекті мәселелері, ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері талқыланды.Қазақ лигасындағы турнирдің қорытындысы бойынша:

1 орын -«Soz naiza» командасы Петропавл қ. «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ;

2 орын -«Итмұрын» командасы Петропавл қ. «НЗМ ХББ» АҚ;

3 орын – «Siblings» командасы Петропавл қ. «Digital Urpaq» оқушылар сарайы;

Үздік төреші- Конуратова Гауһар

Үздік спикер – Қасым Нұрай

Орыс лигасындағы турнирдің қорытындысы бойынша:

1 орын – «Дориан Грей» командасы Петропавл қ. «Digital Urpaq» оқушылар сарайы;

2 орын – «Жарқын» командасы Петропавл қ. «№ 27 орта мектебі» КММ;

3 орын – «Кочевники» командасы Шал Ақын ауданы «Е.А.Букетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ;

Үздік төреші- Бекмағамбетов Қанат Искахович

Үздік спикер – Леонтьева Оксана

Ағылшын лигасындағы турнирдің қорытындысы бойынша:

1 орын – «Закарийя» командасы Петропавл қ. «Digital Urpaq» оқушылар сарайы;

2 орын –«LORD» командасы Петропавл қ. «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ.

 

Мақаланы құрған күні: 01.02.2023