1 наурыз Алғыс айту күніне орай Оқушылар сарайында «Алғыс айту парызым» мерекелік концерті өтті, көркемдік – эстетикалық бағыттағы үйірме оқушылары таң қалдыратын дауыстар, жарқын костюмдер мен тамаша көңіл-күй сыйлады:
– «Асыл мұра», «Шабыт» домбырашылар ансамблі;
– «Самға» хореографиялық ансамблі;
– «Қарлығаш» хореографиялық ансамблі;
– «Belcanto» вокал студиясы.
Концерттік нөмірлер жақсылыққа, бейбітшілікке және қуанышқа толы болды, бұл күн мыңдаған адамдарды қабылдаған Ұлы Далаға деген ризашылығын білдіру, жылу мен баспанасын бөліскен отбасыларға деген құрмет күні ретінде атап өтіледі.
Концертке «Ардагерлер» облыстық клубының құрметті қонақтары, ата-аналар, оқушылар және педагогтар шақырылды.
«Бүгінгі іс-шара, әрине, өте ұнады, өйткені ол дәл осы күні, Алғыс айту күнінде ұйымдастырылды. Оқушылар сарайының жетекшісі мен ұйымдастырушыларына жас ұрпақтың үлкендерге көрсеткен қамқорлығы мен ықыласы үшін Алғысымызды білдіреміз», – деп толықтырды облыстық «Ардагер» клубының мүшесі Полишук Раиса Ивановна. Хор солисі, ардагерлер клубының өкілі Сапар Дүйсенұлы Тосбаев «Дудар-ай» музыкалық нөмірімен қонақтар алдына шықты.
Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз. Өміріміз жайлылыққа, әдемі кездесу бақытына, жеңістер мен жетістіктердің қуанышына, үлкен махаббат пен жан тыныштығына толы болсын. Толыққанды өмір сүру және өмірден ләззат алу үшін тұрақты амандық, мықты денсаулық және сарқылмас қуат тілейміз.