Ынта, бәсекелестік рухы, шығармашылық, топтық жұмыс, бейресми жағдай, шектеулі уақыт және нақты міндет – бұл хакатон сияқты турнирлердің ерекшеліктері. Қазіргі уақытта олар белгілі бір салада өз идеяларын жүзеге асырудың перспективалы мүмкіндіктерінің арқасында жас ұрпақ арасында танымал бола бастады.
Бүгін Оқушылар сарайында бағдарламалау бойынша екі күндік командалық Хакатон басталды, оның негізгі мақсаты ақпараттық технологиялар саласындағы нақты міндеттерді шешудегі креативті ойлау мен пәнаралық командалық жұмыс тәжірибесін дамыту болып табылады. 28 команда (56 қатысушы) турнир тапсырмасын орындауда өздерінің шығармашылық идеялары мен шешімдерін ұсынады және жүлделі орындарға таласады. Хакатон қатысушыларына арналған тапсырманы «Интегро» @service_integro_kz компаниясы дайындады.
Орындалған тапсырмаларды бағалау мен хакатон жеңімпаздарын анықтауды IT саласында құзыретті тәуелсіз сарапшылар жүзеге асырады: И.Г.Құрмашев, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ, инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты; А.Л. Гуляева «Интегро» компаниясының жобаларды енгізу және сүйемелдеу бөлімінің басшысы; В.А. Сильченко «Интегро» компаниясының сайттарды сүйемелдеу бөлімінің басшысы; Е.В.Кухаренко «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ, инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты; И.И. Бухонин SunITyWeb Studio директоры, БҚ әзірлеушісі, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ оқытушысы; А.В. Шапорева «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің «Құрылыс және дизайн» кафедрасының меңгерушісі.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ертең олар орындалған тапсырмаларын қазылар алқасының алдында таныстыруы керек.