«РобоSTART-2023»

Бүгін «РобоSTART-2023» робототехника бойынша жыл сайынғы облыстық олимпиада өтті. Ол оқушылардың ынтасы мен шығармашылық белсенділігін арттыруға және оларды инновациялық робототехникалық шығармашылыққа тартуға бағытталған. Олимпиадаға Петропавл қаласының мектептерінен, сондай-ақ Айыртау, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандарынан 11-16 жас аралығындағы 30 оқушы қатысты. Олимпиадаға Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің 1-2 курс студенттері де қатысты.

Олимпиада екі турда өтті. Теориялық тур тест тапсырмаларын орындауды қамтыды. Практикалық турда роботты жинап, оның көмегімен тапсырмаға сәйкес қажетті әрекеттерді орындай алатын бағдарламалар жасау қажет болды. Қатысушыларды робототехника саласындағы құзыретті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

 

Мақаланы құрған күні: 21.04.2023