Ғылыми-биологиялық бағыттың онкүндігі

18 сәуірде ғылыми-биологиялық бағыттың онкүндігі аясында “Бөлме өсімдіктерінің адам денсаулығына әсері” атты ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты бөлме өсімдіктердің түрлерімен танысу, олардың адам денсаулығына әсерін анықтау болды. Сабақ барысында балалар тапсырмаларды орындай отырып, бөлме өсімдіктері сәндік безендіру және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында өсіріледі деген қорытындыға келді. Олар ауаның газ құрамын өзгерту, шаңды сіңіру, тікелей күн сәулесін жұмсарту және осылайша температураны төмендету арқылы жабық ортаны жақсартады. Бөлме өсімдіктері улы заттарды сүзуге немесе түрлендіруге және бөлмедегі ауаны жақсартуға қабілетті. Сабақта Ольга Викторовна оқытудың интерактивті әдістерін қолданды, балалар өздерінің зерттеу гипотезасын растай отырып, өз жобаларын таныстырды.

 

Мақаланы құрған күні: 18.04.2023