«Табиғатты аяла»

2023 жылғы 11 мамырда СҚО өңірлік іс-шаралар тізбесі шеңберінде “Табиғатты аяла” жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің республикалық форумының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Форум білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тартуға, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеуге бағытталған.

Форум жеңімпазы атағы үшін біздің өңірдің жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары 12-17 жас аралығындағы 64 қатысушы бақ сынасты. Оқушылар сарайының білім алушылары жыл сайын осы форумға белсенді қатысады. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі негізінде жеңімпаздар анықталды, олардың арасында біздің балалар да бар:

1 дәрежелі жеңімпаздар:

-Исмаилов Әмірәли «Zhasyl El» номинациясында, жетекшісі Габбасова М.К;

– Жайлаубай Біржан «GREEN OASES» номинациясында, жетекшісі Сапаргалиева А.Б.;

2 дәрежелі жеңімпаздар:

– Мұрзағұлова Диана, «Қазақстан флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясында, жетекшісі Абрамова Е.П.;

– Бейбіт Анель, «Eko-Bolashak» номинациясында, жетекшісі Күбенова А.Б;

– Буравлева Вероника,Ершова Лидия, Петухова Инесса, «Экотеатр» интерактивті көрініс” номинациясында, жетекшісі Қалқабек Н.А;

3 дәрежелі жеңімпаздар:

– Ефремов Максим, «Zhasyl El» номинациясында, жетекшісі Күбенова А.Б.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға сайыстарда жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

 

Мақаланы құрған күні: 13.05.2023