Әр күн қызықты және жарқын оқиғаларға толы болды. Біздің балалар жаратылыстану – ғылыми бағыттағы сабақтарға қатысып қана қоймай, әр-түрлі іс – шараларға, зияткерлік ойындарға, шеберлік сыныптарына, квесттерге, ойын-сауық викториналарына, жарыстарға және т. б. іс-шараларға қатысты. Әр топ 10 күн ішінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы 80 қызықты және танымдық сабақтарын игерді – бұл зоология, энтомология, арахнология, ихтиология және химияның әртүрлі салаларындағы сабақтар, сонымен қатар шығармашылықпен, қолөнермен, музыкамен айналысты және мұның бәрі біздің оқу кабинеттеріміз бен зертханаларымыздың заманауи технологияларымен байланысты болды. Балалар педагогтарымен және кураторларымен бірге ғылым мен ғылыми жаңалықтар әлеміне қызықты саяхат жасап, осы уақыт ішінде не үйренгендерін айтып, көрсетуге дайындалды. Кураторлар мен педагогтардың жетекшілігімен “Бионик” академиясының жабылуында фото-бейне презентациялар мен шығармашылық нөмірлер дайындалды. Балалар импровизацияланған мини-концертке қатысады, онда әр топ өзінің таланты мен шығармашылығын көрсетуге тырысады. Балалардың орындауында біз жарқын шығармашылық нөмірлерді көрдік – ән орындау, өлең оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, және жарқын билер. Ең белсенді жас “Академиктер” номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Жазғы академияға барған әрбір оқушы жаңа достар тауып, жаңа білім алып, қалған демалыстарына оң және тамаша көңіл-күй сыйлады деп сеніммен айта аламыз. Балалар мен кураторларды 3 маусымның аяқталуымен құттықтаймыз! Барлығына керемет көңіл-күй және қуаныш тілейміз! Қайта жүздескенше!
25 шілдеде Оқушылар сарайында «БИОНИК» ғылыми жазғы академиясының 3 маусымы өз жұмысын аяқтады
#летовдопобразовании2023
#жаз_қосымшабілімберу2023
#Zhazqosymshabilim2023
Мақаланы құрған күні: 26.07.2023