«Жүректен жүрекке»

Пікірталас – бұл нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, өзекті тақырыптар бойынша екі тарап арасындағы сөзжарыс. Жастарды қоғамымыздың әлеуметтік мәселелеріне тарту және оларды жария талқылау мақсатында 2023 жылғы 2 желтоқсанда Kozybaev University-де «Жүректен жүрекке» атты облыстық қайырымдылық пікірталас турнирі өтті. Турнирді «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық студенттік бірлестігі «Shyn» пікірталас клубымен бірлесіп ұйымдастырды. Қазақ және орыс лигасының турниріне барлығы 80-ге жуық қатысушы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша «Digital urpaq» пікірталас клубының білім алушылары жеңімпаз атанды.
2 орынды Сейдуалиев Еркебұлан мен Ибраева Альбина (жетекшісі Тұрсынов Бақытжан Саматұлы) құрамындағы команда жеңіп алды.
3 орын-Тасболатова Мадина мен Табылды Аружан (жетекшісі Сүлейменов Жангелді Сәрсенұлы) құрамындағы команда жеңіп алды.
Жеңімпаздар кубоктармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Қатысушы Табылды Аружан турнирдің үздік спикері атанды.
Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз, оларға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 06.12.2023