«Солтүстік Қазақстанның жас өнертапқышы»

2023 жылғы 19 желтоқсанда Оқушылар сарайында жыл сайынғы «Солтүстік Қазақстанның жас өнертапқышы» атты оқушылардың өнертапқыштық және зерттеу жобаларының фестивалі өтті. «Digital urpaq – bizdin, bolas,aq!» атты ұранмен өткен фестиваль Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының зерек және дарынды балаларын ғылыми-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарында қолдау жүйесін дамытуға бағытталған.
Фестивальде Петропавл қаласы мен облыс аудандарының мектептерінен 65 ғылыми жоба ұсынылды: Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Мамлют, Ғабит Мүсірепов.
Жобалық жұмыстарды құзыретті қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалады: мәселенің өзектілігі, ұсынылған мәселені шешу сапасы, жоба мазмұнын ұсыну сапасы, жобаның аяқталу деңгейі, жобаны ресімдеу, жобаны орындау кезінде қолданылатын әдістер.
Барлық жеңімпаздарға тиісті дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер Оқушылар сарайы әкімшілігінің атынан алғыс хаттарымен марапатталды.
Біз фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз, жоба жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға жаңа идеяларды жобаларға енгізуде шығармашылық табыс тілейміз және келесі жылы фестивальде күтеміз!

Мақаланы құрған күні: 19.12.2023