Урок мира

27 қазанда Оқушылар сарайының көркемсурет мектебінде Бейбітшілік сабағы өтті, оған ауған соғысының ардагерлері Туранов Николай Александрович, Қожахметов Мұратбек Сәдуақасұлы, Цвингер Петр Петрович және Самаратов Талғат Секенұлы шақырылды. Олар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Ауғанстандағы соғыс туралы бейнефильм көрсетті. Енді көркемсурет мектебінің оқушылары кескіндемеде ұсынылған тақырыптардың бірін көрсетіп шығармашылық байқауға ұсынуы қажет:
1. Ауғанстан – Сен менің жанымның азабысың
2. Менің елімнің батыры – менің Батырым
3. Соғыссыз әлем

Мақаланы құрған күні: 30.10.2023