Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін мерекелеу

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында 2023 жылдың 10 қарашасында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясымен бірлесіп ұйымдастырылған Оқушылар сарайы оқушыларының жобаларының көрмесі өтті.
Көрмеге IT, ғылыми-биологиялық бағыттағы және өнер мектебінің оқушылары агро- және биотехнологиялар саласындағы жобаларын ұсынды:

  • Жунусов Аят, Ербол Әліхан, «Ауыл шаруашылығы техникасының кешені» жобасы;
  • Негодин Виталий, Хусанбаев Элёр, «Ақылды үй жануарларын тамақтандырғыш» жобасы;
  • Салий Богдан, «Гидросамолет» жобасы;
  • Дылдин Роман, «Комбайн» жобасы;
  • Ляшенко Владислав, Рыженков Антон, «Дәнді дақылдарды жинауға арналған мобильді робот кешені» жобасы;
  • Казанғапов Ануар, «Бидай жинау» сурет;
  • Храмова Дария, «Мол егін» сурет;
  • Жайлаубай Біржан «Зертханалық жағдайда әртүрлі өндірушілердің бензинінің сапасын зерттеу» жобасы;
  • Хамит Торегелді, «Жылу электр станцияларының күлі мен қожын кешенді өңдеу» жобасы;
  • Бейсембаева Аружан «Қарағай сығындыларын зертханалық жағдайда және олардың қолдану аясын зерттеу» жобасы;
  • Литвиненко Елизавета, «Халықтың су денсаулығын жақсарту үшін ПЭТ бөтелкелерін айналдыру» жобасы;
  • Ефремов Максим, «Қоқысты бөл, табиғатты сақта!» практикалық жоба.
  • Бейбіт Әнел, «Оқушылар сарайының заманауи алаңы» жобасы.

Көрмеге қонақтармен қатар Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің агротехнологиялық факультетінің студенттері де қатысты.
Өз жобаларын ұсынған оқушыларға «Ауыл» партиясы облыстық филиалының Сыздықов Бейбіт Айбасұлының төрелігімен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Мақаланы құрған күні: 10.11.2023