«Director`s CUP» республикалық пікірталас турнир

2023 жылғы 6-7 желтоқсанда Атырау қ. Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған білім беру мекемелерінің басшылары арасында «Director`s CUP» атты III республикалық пікірталас турнирі өтті. Турнирді Атырау облысының білім басқармасы өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарды талқылау бойынша сындарлы диалогқа тарту арқылы мектеп басшыларының көшбасшылық қабілеттерін, басқарушылық ойларын, зияткерлік әлеуетін, азаматтық қасиеттері мен шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырды.
Әр аймақтан 2 команда және 1 төреші қатысты. Пікірталас американдық парламенттік форматқа (APF) сәйкес өтті. Турнирге қатысушылар пікірталас барысында өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылады, инновациялық идеялар мен оларды шешудің тетіктерін ұсынды. Пікірталас турнирі аясында «Қазақша QUIZ» зияткерлік байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің қабілеттерін 10 турда тексерді.
Оқушылар сарайының «Digital Urpaq» пікірталас клубының жетекшісі Жангелді Сәрсенұлы Сүлейменов турнирдің төрешілер алқасының жұмысына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Мақаланы құрған күні: 14.12.2023