2024 жылғы 17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан өнер мұражайында XIV халықаралық сурет және сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Православие Шіркеуінің Петропавл және Булаев Епархиясы, «Бірлік» Ресей отандастарының бірлестігі, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Солтүстік Қазақстан филиалы болды.

Барлық жеңімпаздарға конкурсты ұйымдастырушылар ұсынған кітаптар табысталды. Бас жүлдені екі қатысушы жеңіп алды, олардың бірі Федорова Александра, Оқушылар сарайының көркемөнер мектебінің оқушысы.

Байқауға әлемнің 10 елінен барлығы 538 қатысушы қатысты. Суреттер Қазақстанның, Ресейдің, сондай-ақ Испанияның, Хорватияның, Ливанның, Болгарияның, Македонияның, Эстонияның және Камерунның түрлі қалаларынан жіберілді.

Мақаланы құрған күні: 17.01.2024