23 ақпанда «Оқушылар сарайы» МКҚК Республикалық Жас музыканттар фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізді. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының балалар мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіптік бағдарлануын ынталандыру, балаларды қосымша біліммен қамту.

Жас таланттарға құзыретті қазылар алқасы әділ баға берді:

Қазылар алқасының төрағасы

-Свисткова Ольга Анатольевна-«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінің» скрипка сыныбының оқытушысы, 1986 жылы Алматы қаласында өткен республикалық байқаудың лауреаты

Ахмедов Рүстем Олегович – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Өнертану ғылымдарының магистрі

Яворская Юлия Валлерьевна – Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінің» скрипка сыныбының оқытушысы.

Барлық қатысушыларға Республикалық Жас музыканттар фестиваль-байқауында сәттілік тілейміз.

Мақаланы құрған күні: 23.02.2024