2024 жылғы 24 ақпанда ІТ бағыттың онкүндігі аясында дрондарды құрастыру кабинетінде «Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің тарихы және дамуы» викторинасы өтті.

Викторинаға «Дрондар нөлден бастап» (2 топ), «Дрондар мектебі» (1 топ) және «Пилотсыз авиация» үйірмелерінің білім алушылары қатысты. Викторина барысында балалар ұшқышсыз ұшу құрылғы саласындағы білімдерін тексеріп қана қоймай, олардың пайда болуының алғышарттары, алғашқы прототиптері, дамуы, технологиялық ерекшеліктері және дрондардың жіктелуі туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді.

Мақаланы құрған күні: 24.02.2024