2024 жылғы 24 ақпанда ІТ бағыттың онкүндігі аясында LEGO-құрастыру кабинетінің үйірмелерінің білім алушылары үшін робототехника бойынша жарыс өткізілді.

«Жас өнертапқыштар» және «ROBOTICS» үйірмелерінің білім алушылары «Арқан тарту», «Сумо», «Сызық бойынша жарыс» санаттарында бақ сынасты. Жарыс жеңімпаздары тәтті сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараны К.Ж. Какимов, Д.О. Горбач, А.П. Полулященко, Е.Б. Молдахметов педагогтары дайындады және өткізді.

Мақаланы құрған күні: 24.02.2024