Авиамодельдеу – бұл техникалық немесе спорттық мақсатта ұшу құрылғыларының модельдерін құрастыруға және жасауға бағытталған техникалық шығармашылықтың түрі. Бұл ұшақ дизайнері, құрастырушы және ұшқыш болуға мүмкіндік беретін керемет әуесқойлық. Авиамодельдеу сабақтары білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға оң әсер етеді, балалардың ғылымға, техникаға және зерттеуге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.
Осы мақсатта 2024 жылғы 24 ақпанда Оқушылар сарайында «Егер қатты қаласам – аспанға да ұшамын» атты облыстық көрме-байқау өтті. Байқау екі кезеңде өткізілді: авиамодельдер көрмесі, ұшу қашықтығына арналған жарыс. Қатысушыларға міндетті конкурстық талаптарды сақтай отырып, лақтырылатын авиамодельдерді алдын ала дайындау қажет болды (авиамодель полистиролдан жасалуы тиіс; қажетті габариттер – фюзеляждың ұзындығы 250-260 мм, қанатының ұзындығы 300-350 мм; авиамодель Екінші дүниежүзілік соғыс ұшақтарының прототипі болуы тиіс).
Іс-шараға қатысу топтық болды. Топтың құрамында үш қатысушы – Петропавл қаласы мен облыстың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының көркем еңбек мұғалімі және 10-16 жас аралығындағы екі оқушы.
Байқауды құзыретті қазылар алқасы бағалады. Көрме модельдері келесі критерийлер бойынша бағаланды: модельдің максималды ұқсастығы, эстетикалық көрініс. Жарыста модельдің ұшу қашықтығы бағаланды.
Іс-шараға барлығы 12 топ қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
1 орын – «Авиаторлар» тобы (Амангелді Жарас, Мищенко Максим), «Ильин орта мектебі» КММ, Есіл ауданы. Жетекшісі Толокнеев Сергей Владимирович.
2 орын – «Ұшқыр» тобы (Берікбай Ернияз, Қуаныш Нұрали), «Озерная орта мектебі» КММ, Қызылжар ауданы. Жетекшісі Хирлин Мирам Какимович.
3 орын – «Жас конструкторлар» тобы (Марал Нұрхан, Жукутов Фарид), «Әліхан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ. Жетекшісі Саткенова Ботагөз Хаметқызы.
3 орын – «№43 ОМ» тобы (Тайматов Назим, Мереке Арлан), «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебі» КММ. Жетекшісі Швец Виктор Николаевич.
Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттар алды.