2024 жылғы 27 қаңтарда Оқушылар сарайында «Теd-Х» облыстық дебат турнирі өтті

Өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатысу; мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында 2024 жылғы 27 қаңтарда Оқушылар сарайында «Теd-Х» облыстық дебат турнирі өтті. Пікірсайыс турнирінің қазақ және орыс лигаларында Петропавл қаласының қалалық және облыстық жалпы білім беру мекемелерінен, сондай-ақ М.Жұмабаев, Тимирязев, Қызылжар аудандарынан 26 топ бақ сынасты. Шешендік өнерді сүйетіндер Британдық парламенттік форматта сайысқа түсті, оған сәйкес топта 2 адам болды. Жеребе арқылы сессия залдарына бөлінген топтардың өнер көрсету тәртібі анықталды. Турнир барысында қатысушылар өз ойларын шебер айтып, өз көзқарастарын қорғап, өздерінің дұрыстығына сендіруге тырысты.

Турнир қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаз топтар анықталды.

Қазақ лигасыннан жеңімпаздар және жүлдегерлер болып атанды:

1 орын – Шәкірова Әлия мен Жанатұлы Асанәлі құрамындағы «Сириус» тобы, «Жұмабек Тәшенов атындағы № 20 орта мектебі» КММ;

2 орын – Қайыркелді Диана мен Әкімбекова Ақбота құрамындағы «Альфа» тобы, «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы» КММ;

3 орын – Тасболатова Мадина мен Табылды Аружан құрамындағы «Digital Urpaq» тобы, «Оқушылар сарайы» МКҚК.

Орыс лигасыннан жеңімпаздар және жүлдегерлер болып атанды:

1 орын – Амержанов Асқар мен Арман Нурушев құрамындағы «Чак-Чак» тобы, «Петропавл қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

2 орын – Сарсембаев Санжар мен Пашкова Елизавета құрамындағы «Pink’n’ globus» тобы, «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;

3 орын – Баязитов Тимур мен Карачков Владислав құрамындағы «Кремень» тобы, «БЭСТ» гимназиясы КММ.

Турнир барысында үздік спикерлер де анықталды. Қазақ лигасында Табылды Аружан, орыс лигасында Нұрышев Арман үздік спикер болып танылды.

Бірақ біздің қатысушылар басты жүлде ретінде күшті қарсыластармен пікірталаста алған баға жетпес тәжірибені және олар қала мен облыстың басқа клубтарымен достық қарым-қатынасты қарастырады. Турнирдің барлық жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!

Мақаланы құрған күні: 27.01.2024