«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңі

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңі
2024 жылғы 1 маусымда Оқушылар сарайында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау білім алушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметке тартуға, дарынды балаларды қолдауға, шығармашылық құзыреттілікте тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Байқауға Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының 10-17 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Байқауға қатысу үшін қазылар алқасына өз өнертабысының 5-7 минуттық тұсаукесерін ұсыну қажет болды. Жеті номинация бойынша өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарының макеттерін, модельдерін орындау және олардың болуы міндетті шарт болды:
1) қолданыстағы автокөлік модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру;
2) өнеркәсіп саласындағы техникалық құрастыру;
3) ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласындағы техникалық құрастыру;
4) су көлігі саласындағы техникалық құрастыру;
5) авиация саласындағы модельдер;
6) космонавтика және аэроғарыш техникасы саласындағы модельдер;
7) «Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы.
Байқауға ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасының мүшелері белгілі бір критерийлер бойынша бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, олар 1, 2 3 дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған басшылар тиісті грамоталармен марапатталды. Байқау номинацияларының әрқайсысында 1 орын алған қатысушылар 2024 жылғы қарашада өтетін қорытынды республикалық кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының тобын ұсынатын болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға республикалық кезеңде лайықты және табысты өнерін көрсетулеріне тілектеспіз.

Мақаланы құрған күні: 05.06.2024