Абай Құнанбаевтың күніне орай, оқушылар сарайында поэтикалық кеш ұйымдастырылды.

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, Адалдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге, – деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, бүгін қазақтың ұлы ақыны,қайталанбас дарын иесі, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың күніне орай, оқушылар сарайында поэтикалық кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жан- жақты түсіндіріліп, оқушылардың тақырыпқа қойған сауалдарына жауап берілді. Жиынға қатысқан оқушылар да Абайдың бірқатар өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Іш-шараның басты мақсаты – қазақ елінің мақтанышы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, мұраларын жас ұрпаққа дәріптеу, насихаттау және ақынның шығармаларына қызығушылығын арттыру.

Мақаланы құрған күні: 04.09.2024