Күзгі академия 28 қазаннан 2 қарашаға дейін

Барлық оқушылар мен олардың ата-аналарының назарына!

28 қазаннан 2 қарашаға дейiн Күзгi академия барлық тiлек бiлдiрушiлердi келесi сабақтарға қатыса отырып, күзгi демалысты көңiлдi және пайдалы өткiзге, жаңа достар табуға, жаңа технологиялармен танысуға, идеяларды жүзеге асыруға, өз дарындарын ашуға шақырады: ⠀

  • IT бағыттар бойынша интерактивтiк сабақтар;
  • ғылыми-биологиялық бағыттағы зертханаларда қызықты сабақтар;
  • шығармашылық-эстетикалық бағыт бойынша тартымды сабақтар;
  • спорттық ойындар, эстафеталар, конкурстар;
  • «Жас кәсiпкер мектебi»;
  • журналистикамен шұғылдану сабағы.

Күзгi академия бағдарламасында сiздерге үлкен жағымды әсер мен тамаша көңiл-күй сыйлайтын заманауи ғылыми индустрия аймақтарына: спорттық ойындар аймағына, жанды суреттерге, виртуалдық шынайылыққа, анимациялық студияға, каркастық-вакуумдық кинотеатрға бару жоспарланған.

Бiздiң Күзгi академияда әрбiр бала жанына жақын iстi табады.⠀

Академияның күзгi маусымына жазылуға асығыңыздар.

Күзгi академия 6 жастан 14 жас аралығындағы балалар үшiн 2019 жылғы 28 қазаннан бастап 2 қараша аралығында 2 ауысыммен жұмыс iстейдi.

Қосымша ақпарат үшiн Жамбыл Жабаев к-сi, 55 А мекенжайына хабарласыңыздар; тел. 34-02-44, 50-17-03.

Мақаланы құрған күні: 21.10.2019