«Оқушылар сарайы» МКҚК 1 маусымда «Lokal Hack Day-2020» қашықтықтан Хакатон өткізеді

Хакатон — берiлген тақырыптың сұрақтарына әр түрлi бағыттың бағдарламашылары шешiмiн табатын iс-шара.

Хакатонға Петропавл қаласы және Солтүстiк Қазақстан облысы мектептерiнiң 10-17 жастағы балалары қатыса алады.

Байқауды өткiзу туралы Ереже Оқушылар сарайының сайтына, Facebook және Instagram әлеуметтiк желiлерiне орналастырылды.

Жеңiмпаздар дипломамдармен марапатталады, басқа қатысушыларға қатысушы сертификаты берiледi.

Өтiнiмдер 1 маусымға дейiн metod.dvorec@bk.ru электрондық поштасына қабылданады, қорытындысы 2020 жылғы 5 маусымда шығады.

Анықтамалар үшiн телефон: +77475922963, +77074922826.

Қосымша (ZIP 524 Kb)

Мақаланы құрған күні: 27.05.2020