Робототехника және мехатроника бойынша «РобоSTART» қашықтық олимпиадасының нәтижелері

2020 жылғы 19-27 маусым аралығында «Оқушылар сарайы» МКҚК-да робототехника және мехатроника бойынша «РобоSTART» қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – зияткерлік дарынды, талантты білім алушыларды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, білім алушылардың дайындық сапасын арттыру, робототехника саласында біліктілігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Олимпиадаға қатысушы ретінде Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 5-7 сынып оқушылары шақырылды.

Қатысушыларға олимпиада сайтында алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет болды. Тапсырмаларды 2020 жылғы 19-26 маусым аралығында орындау мүмкіндігі туды.

Олимпиада нақты теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауды қарастыратын, әрі қарай сапасын бағалайтын жарыстар түрінде болды. Тапсырмаларды орындау екі міндетті кезеңнен тұрды: тестілеу және есептерді шешу.

Олимпиадаға Оқушылар сарайының оқушылары, Аққайың және Қызылжар аудандары мектептерінің оқушылары белсенді қатысты.

Олимпиада қорытындысы 27 маусымда шығарылды. Олимпиаданың орындалған тапсырмаларын тексеру нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

1 орын – «Оқушылар сарайы» МКҚК робототехника үйірмесінің оқушысы Маляуцкий Кирилл;

2 орын – «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ-ның оқушысы Садовой Артем;

3 орын – «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ-ның оқушысы Гонтарь Никита.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттарға ие болды.

Білім алушылары жүлделі орындарға ие болған жобалық жұмыстардың жетекшілері жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды, қатысушыларды және педагогтарды құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен алға қойған мақсаттарға жетуді тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 01.07.2020