«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А
Басты / Оқушылар Сарайының тәжірибесі / «Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы

«Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы

«Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағының орталық бөлiгi. Террариада 7 ойын қамтылған: «қоқысты сұрыптаймыз», «желдi аулау», «орман күзетi», «жер асты әлемi», «трафиктi», «құбыр салушы», «құрылысшы». Мұнда табиғат қуаты бар — ол ойын үдерiсiнде пайда болып, орталық кристалға берiледi.Пайдаланушылар қаншалықты мол қуат жинаса қала соншалықты экологиялық және «көркем» бола түседi.

«Жанды суреттер» аймағы. Әрбiр қатысушыға теңiздегi тiршiлiк иелерiнiң суретiн бояу ұсынылады. Жұмыс аяқталған соң қағаз сканерленiп, алып бейне виртуалдық әлемде жобаланады. Балалар өздерiнiң бүкiл шығармашылық әлеуеттерiн жанданған суреттер арқылы бақылай алады.

«Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы

«Интерактивтiк таным сыныбы» заманауи ғылыми индустрия аймағы. Сенсорлық мультитач панельдер елiктiргiш тарих, анатомия, химия, астрономия курстарын үйренуге арналған; Алхимия, Галактика, Матемагия танымдық ойындары.

«Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы «Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы

«Каркасты-вакуумдық кинотеатр» заманауи ғылыми индустрия аймағы. Каркасты-вакуумдық кинотеатр лицензияланған анимациялық, баурап алатын фильмдер мен мультфильмдердi көруге арналған. Астрономия және Ғарыш тақырыбындағы кинофильмдер: «Қар ұшқынының бастан кешкендерi», «Бал арасының ұшуы», «Таңғажайып ғаламшар», «Астрономия» және т.б.

 

Виртуалды шынайылық аймағы: виртулды әлемге енудiң жан-жақты әсерi;

Үздiк әлемдiк ойындар: «BeatSaber», «Job Simulator», «Space pirate» және т.б.

«Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы «Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы 

Интерактивтi спорттық ойындар аймағы:

  • Командалық спорттық жарыстар;
  • Интерактивтi шыңға өрмелеу тренажерлары;
  • Үздiк ойыншылар рейтингi;
  • 12 адамнан құралған топтар.

«Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы «Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағы

Анимациялық студия. Балалар өз қолдарымен, «Animationstudio» бағдарламасы көмегiмен мультфильмдер жасайды, өз шығармашылығы — мүсiндеумен, сурет салумен және т.б. айналысады.

Мақаланы құрған күні 20.01.2020 16:23

Мақаланы жаңартқан күні 06.02.2020 12:55