«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А
Басты / Сарайы туралы / Бағыттар / Көркем-эстетикалық бағыт

Көркем-эстетикалық бағыт

«Толағай», «Озарение» театрлық үйiрмелерi

Ұялшақтықты жеңудi, жасқаншақтықтан арылуды, шығармашылық әлеуетiңiздi дамытуды қаласаңыз, онда бiздiң балалар театрларына қош келдiңiз. Бiздiң студиямызда практикалық сабақтарға арналған жақсы сахна, айшықты реквизит, заманауи оқытушылар бар.

«Асыл мұра», «Балбұлақ», «Шабыт» домбыра үйiрмелерi

Үйiрмелерде балалар аспапты үйренедi, қазақ халқының тарихы, музыкалық аңыздары мен дәстүрлерi туралы мол мағлұмат алады. Заманауи музыкалық бағдарлама барлығының сүйiктi аспабын тез және жеңiл үйренiп алуға көмектеседi.

«Карлығаш», «Аяла», «Александра» хореографиялық үйiрмелерi

Бiздiң халықтық, заманауи, спорттық-бал билерi бағыттары бойынша хореографиялық үйiрмелерiмiз грацияны, музыкалық ырғақты дамытуға көмектеседi.

Журналистика және медиатехнология үйiрмесi

Осы бағдарлама бойынша оқытудың коммуникативтiк бағыты оқушыларға газеттер, бағдарламалар жасау үдерiсiнде араласуға мүмкiндiк бередi. Режиссура, дикторлық шеберлiк, бейнемонтаж негiздерiн қазақ және орыс тiлдерiнде кешендiк үйрену заманауи телестудияларда өтедi.

«Belcanto» вокал үйiрмесi

Музыка қызметiнiң бұл түрi балаларды айшықтығымен және өз шығармашылық қабiлеттерiн байқату мүмкiндiгiмен қызықтырады. Вокал студиясында шұғылдана отырып сiздiң балаңыз дұрыс және әсем ән салуды үйренедi.

Музыкалық студия

«Вокалды-аспаптық ансамбль» бұл өз шығармашылық әлеуетiңiздi ашу және музыкалық аспаптарда ойнауды (бас-гитара, гитара, синтезатор, соқпалы қондырғы) үйрену мүмкiндiгi. ВИА-бұл музыкалық және шығармашылық даму, бұл батылдық, позитив. Бұл жанды дыбыс, сахна, концерттер, конкурстар, фестивальдер.

Фортепиано

Фортепиано дыбыстарға бай ғажайып аспапта ойнағанда шынайы рахат аласың! Фортепиано сабақтары балалардың зейiн тоқтатуын, ұсақ моторикасын, қолдары мен көздерi үйлесiмiн дамытады және бұлар ғана емес! Сабақтарда бiз әр оқушының дарынын ашамыз!

Бизнес-мектеп

Бiз балаларымыздың нарықта болып жатқан өзгерiстердi шынайы көре бiлуi және оларға назар аударуы, өз бизнес-идеяларын жасауы үшiн басқара бiлуiн және ашылатын коммерциялық мүмкiндiктер табуын дамытамыз.

Мақаланы құрған күні 03.04.2019 12:41

Мақаланы жаңартқан күні 24.12.2021 11:03