2019 жылғы 21 қаңтарда Оқушылар сарайына Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шамшидинова келдi.
Петропавлда облыстық бiлiм басқармасының «Жаңа ұрпақ мектебi: келешегi мен мүмкiндiктерi» атты кеңейтiлген алқасы өткiзiлдi. Облыстың бiлiм беру жүйесiнiң 500-ден астам өкiлдерi тәжiрибе алмасты және оқытудың заманауи әдiстерi мен тәсiлдерi туралы айтты.