АТ бағыт

ӨНЕРКӘСIПТIК ИНТЕРНЕТ ЗАТТАР ЗЕРТХАНАСЫ

Бұл телеком әлемiндегi ғаламдық тренд. Зертханада инженерлiк және ғылыми бағыттарды бiрiктiруге болады. Оқушылар жоғары технологиялар саласында бiлiм алу және практикалық дағдылану мүмкiндiгiне ие. Мұнда балаларды оқыту өз ойындарын, смартфондарға қосымшалар жасау, бағдарламалық қамтамасыз ету үлгiсiнде өткiзiледi. Өнеркәсiптiк интернет заттар зертханасының негiзгi мiндетi — балаларды сындарлы ойлауға және қисынға үйрету.

БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖҮЙЕЛЕРIН БАҒДАРЛАМАЛАУ ЗЕРТХАНАСЫ. Бұл зертханада қызу, ылғалдылық, желдiң жылдамдығы, жарықтандыру, оттегi құрамы, қышқылдық және т.б. түрлi дене параметрлерiн бақылау үшiн компьютерлендiрiлген өлшеу жүйелерiн жасауға оқытады. Өлшем нәтижелерiн жинау мен сақтаудың қарапайым жүйесiн жасаумен қатар бiлiм алушылар автоматты басқарудың түрлi жүйелерiн жасау мүмкiндiгiне ие.

3D-ПРОТОТИПТЕУ КАБИНЕТI мұнда бiлiм алушылар инженерлiк және шығармашылық ойларын, ғылыми және гуманитарлық бағытты бiрiктiре алады. Бағдарлама өнеркәсiптiк дизайнға, сондай-ақ өмiр сүру салты, ойлау және араласу, заттың және пәндiк ортаның әсемдiгi дизайнына да бағытталған. Балалар медицина, бионика, эстетика және кинетика саласында бiлiм алады және тәжiрибелiк дағдыланады. Сонымен қатар, оқушылар болашақтағы өнертабыстарының прототиптерiн жасауға, макеттер жасауға, өз жобаларын жинауға және тестiлеуге үйренедi.

ГОЛОГРАФИЯ КАБИНЕТI физика, химия және биологияның аса күрделi тақырыптарын үйренуге мүмкiндiк жасайды, мәселен: iшкi жағу қозғалтқышы, жердiң магниттiк алаңы, әлемнiң гелиоорталық моделi, көз моделi, ядролық реактор құрылғысы, өсiмдiк пен жануар жасушаларының құрылымы, вирустар құрылымы.

ДРОНДАРДЫ ЖИНАУ КАБИНЕТIНДЕ оқушылар дрондар жинаумен және сынақтан өткiзумен шұғылдана отырып, ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастырғау және iс жүзiнде қолдануға дағдыланады. Ұшатын аппараттардың қолданыстағы модельдерiн жасауды үйренедi. Алған бiлiмдерi заманауи технологиялар және гаджеттер (квадрокоптер, ГИС, GPS) көмегiмен қоршаған әлемдi зерттеуге көмектеседi.

ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА  КАБИНЕТIНДЕ мектеп оқушылары мен студенттерге макеттiк платада өздiгiнен электр сұлбасын жинау мүмкiндiгi ұсынылады, түрлi радио электр құрылғыларының жұмыс iстеу қағидалары зерделенедi. Мұнда болашақ инженерлер базалық бiлiм ала алады.

РАДИО SDR ЗЕРТХАНАСЫ бiлiм алушылар үшiн мобильдi байланыс саласында, радилокациялық және радионавигациялық жүйелерде танымдық және жобалық мүмкiндiктердiң кең спектрiн ашады.

РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ МЕХАТРОНИКА КАБИНЕТI роботтарды өздерi құрастыруды армандайтындарға арналған. Мұнда оқушылар физика мен математика, информатика саласындағы өздерiнiң бiлiмдерiн тереңдетедi. Шынайы мiндеттердi орындау үшiн өздерiнiң роботтандырылған құрылғыларын жасауға үйренедi. Сабақтар балалардың шығармашылық-ғылыми-техникалық әлеуетiн дамытуға бағытталған.

БАҒДАРЛАМА ЖАСАУ КАБИНЕТI (СОФТ) электрондық сұлбаларды және олардың негiзiндегi құрылғыларды бағдарламалауға, құрастыруға қызығушылықты дамытуға, операциялық және микропроцессорлық жүйелер жұмыс iстеу қағидаларына мақсатталған. Оқушылар меншiктi электрондық құрылғыларын жасай алады, бағдарлама жаза алады, компьютерлiк желiлерге әкiмшiлiк етедi және тағы басқалары.

ЛЕГО КАБИНЕТI кiшкентай мектеп оқушылары үшiн техника әлемiн және оқушыларға ұжымдық жұмыс iстеу дағдысын алу, логикалық ойлау, бағдарламалау мүмкiндiгiн ашады, бастапқы техникалық және симметриялық құрастыруға үйренедi. Лего-құрастыру басқа жұмыс түрлерiмен салыстырғанда анағұрлым артық, балалардың техникалық қабiлеттерiн дамыту үшiн негiздi дайындайды.

ФИЗИКА КАБИНЕТIНДЕ балалар ауыл шаруашылығында қолдануға бейiмдi механиканы, молекулярлық физиканы және электродинамиканы үйренедi. Кабинет заманауи компьютерлiк техникада бағдарлама жасау және құрастыруға арналған жиынтықтан тұрады.

Мақаланы құрған күні: 03.04.2019