2019 жылғы 25 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң техникалық және кәсiби бiлiм беру мекемелерiнiң студенттерi арасында EY компаниясымен бiрiге ұйымдастыруымен отыра бiрiншi Республикалық «Хакатон — идеялар конкурсы» өттi. Iс-шара өнеркәсiптiң төрт саласына: құрылыс, электроэнергия, мұнай және газ, тау-кен және металлургия салаларында цифрлық дағдыларды пайдалану арқылы коммерциялық және өндiрiстiк қызметтiң өзектi мәселелерiн шешу үшiн Қазақстандағы колледждердiң үздiк студенттерiн тарту алаңын құруға бағытталған.
Байқауға республиканың барлық аймақтарынан 146 студент қатысты.
Қазылар алқасы мүшелерi ретiнде Қазақстанның iскер топтарының өкiлдерi қатысты.
Электроэнергетика саласына Республиканың әртүрлi өңiрлерiнен келген 24 студент қатысты. «Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi» КМҚК«Электрмен жабдықтау» мамандығының студентi Воронов А. электр энергетикасы саласындағы өзектi мәселелердi шешуде «Энергия саласындағы үздiк» дипломымен марапатталды.
Конкурс студент Александр Вороновқа энергия саласындағы аз шығындармен бизнес-мәселелердi шешу үшiн тәжiрибе алмасуға мүмкiндiк бердi.