Еңбек кәсiптерiнiң беделiн көтеру, экономиканың өндiрiстiк секторына жастарды тарту және халықаралық талаптарға сәйкес кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiктiлiк стандарттарын жетiлдiру мақсатында 2019 жылдың 26-28 ақпан аралығында Ақмола облысында жоғары аграрлық техникалық колледж базасында Чаглинка с. «Астық сапасын анықтау және оны қайта өңдеу өнiмдерi» құзыреттiлiктерi бойынша «WorldSkills Kazaksta-2019» облыстық чемпионат өткiзiлдi. Iс-шараға Қазақстан Республикасының төрт облысынан: Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан студенттерi қатысты.
Чемпионат 18-22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар арасында өткiзiлдi.
Бiздiң облысты Ж. Қизатов атындағы Есiл ауылшаруашылық колледжiнiң «Агрономия» мамандығының 3 курс студентi Е. Депершмидт таныстырды. Чемпионат қатысушылары 3 модуль бойынша 2 күн бойы астық өнiмдерiнiң сапасын әртүрлi көрсеткiштерiн анықтау бойынша 13 тәжiрибелiк тапсырманы орындады. Көрсеткiштердiң анықтығы, әдiснамасы мен уақтылығы үшiн сарапшылар, колледждiң әлеуметтiк серiктестерi Қ.Ғ. Қажмұрат, С.Б. Құртбаева, Ф.М. Мұстафин мониторинг жүргiздi.
Чемпионат қорытындылары бойынша Е. Депершмидт 3 жүлделi орынды иеленiп, Солтүстiк Қазақстан облысының 2019 ұлттық чемпионатына қатысуға үмiткер болып табылады.