Оқушылар сарайында Агрокомпетенция орталығының ашылуы болды. Орталық М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының, СҚАШҒЗИ ғалымдары, ауылшаруашылығы құрылымдары, мектеп, колледж басшылары мен қызметкерлерiнiң тиiмдi ұжымдық жұмысын қамтамасыз ету құралы болып табылады.
«Мұнда кәсiби бiлiктiлiктi арттыру курстары өткiзiлмек, бизнеске сервистiк қызметтер көрсетiледi, тәжiрибе алмасу үшiн шетел сарапшылары мен мамандарын тарту жұмыстары жүргiзiлетiн болады», — деп СҚО бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Т. Протопопова өз ойын бiлдiрдi.
Бұл Бiлiм басқармасының, СҚМУ, мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, Есiл ауылшаруашылығы колледжiнiң және кәсiпкерлер палатасының бiрлескен жобасы.
Орталық жұмысының қорытындысы — тауар өндiрушiлерге бiлiмдi, жаңашылдықты және ғылым мен техниканың жетiстiгiн жеткiзу.
Сонымен қатар, Сарайда iскери ойын түрiнде семинар өткiзiлдi. Семинарға өңiрiмiздiң ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер, аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары. Ауылшаруашылығы Министрлiгi өкiлдерi қатысып, өздерiнiң «Ақылды фермасын» әзiрледi.