Сарайда таң алаңнан ҚР Тұңғыш Президентi қорының қолдауымен Алия Назарбаеваның «Жандану әлемi» қоры, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлiгi «Бала Дауысы-2019» ұлттық балалар ән байқауына iрiктеу турын өткiздi.
Төртiншi маусымның старты Алматы қ. 2019 жылғы 29 наурызда берiлдi. Байқаудың басты мақсаттары — дарынды балалардың музыкалық және шығармашылық қолдау және анықтау, олардың шығармашылық әлеуетiн iске асыру және олардың қабiлеттерiн ары қарай дамыту.
Байқауға қатысу үшiн 8-ден 12 жас аралығындағы жүз бала қатысты. Конкурсанттардың вокалдық деңгейiне Ұлттық ән конкурсының продюсерi Фарида Ниязова мен танымал орындаушы, «Rin’Go» тобының қатысушысы Адылжан Умаров баға бердi. Балалр қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде музыкалық сүйемелдеусiз — acappellaмен әндер орындады.
«Бiз, Петропавл қаласында, Солтүстiк Қазақстан облысында репертуарымен, дауыс ерекшелiгiмен айрықшаланатын дарындардың көп екенiн бiлемiз. Бiз қарапайым әншiнi немесе әртiсiт емес керемет баланы табатынымызға үмiттенемiз. Сонымен қатар, бiз кейiннен сол балалардың бiрiне бұйыратын авторлық әндер жазамыз және клиптер түсiремiз, — деп Фарида Ниязова өз ойын ортаға салды.
Биылғы жылы байқаудың ерекшелiгi iрiктеу турлары Қазақстанның әр облысында онлайн-тәртiбiнде емес көзбе-көз өткiзiлуде. Екiншi турға барлығы 17 финалист қабылданып, күзде «Арманның жұлдызды үйiнде» жиналып, Суперфиналға дайындалу аясында вокал, хореография, актерлiк шеберлiк сабақтарына қатысады. Финалдық бағдарламада 24-26 қазан күндерi Алматы қ. конкурс шеңберiнде жазылған жаңа балалар композициялары орындалмақ. Сонымен қатар, «Добрая планета нашего Детства» спектакль-мюзиклiнiң премьерасы өткiзiлмек. Биылғы жылы конкурс финалы Алматы қаласында 25-27 қазан күндерi Республика сарайында өтедi.
Супер-финалда бiздiң аймақты тоғыз жасар дарынды Дана Баскенова таныстыратын болады. Байқаудың барлық финалистерi арнайы сыйлықтар алады. Жеңiмпазға елiмiздiң үздiк музыка мекемесiнiң бiлiм гранты және Диснейлендтiң сиқырлы әлемiне жолсапар бұйырады.
Бүгiн, барлық қатысқан балаларға «Бала дауысы» лауреатының дипломы және де естелiкке экипировка табыс етiлдi. Жеңiмпаздың бiреу екендiгiне қарамастан, балалар өз ата-аналарымен күн бойына жағымды әсерлер мен жақсы көңiл-күйге оранды.