Оқушылар сарайының акты залында домбырашылардың «Домбыра дастан» күй тартыс I-Республикалық байқауы болды.
Музыкалық сайысқа Оқушылар сарайының, өнер мектептерiнiң, балалар музыка мектебiнiң оқушылары, өнер колледжi студенттерi қатысты. Күй тартыс республикалық конкурсына 13 пен 19 жас арасындағы үздiк домбырашылар жиналды.
Конкурстың басты идеясы жас музыканттардың шығармашылық әлеуетiн жүзеге асыру мүмкiндiгiн ұсыну және репертуарларының шығармашылық деңгейiн және орындау шеберлiгiн арттыру, қазақ өнерiне деген балалардың сүйiспеншiлiк сезiмiн жоғарылатуолардың рухани дамуын жәнешығармашылық өсуiн қалыптастыру.
Көрермендер байқауға қатысушылардың домбырада ойнау шеберлiктерiне және де Құрманғазының «Балбырауын», «Арба соққан», «Ақсақ киiк», Дәулеткерейдiң «Көрғұлы», «Құдаша», Дина Нұпеисованың «Көрғұлы» секiлдi сүйiктi күйлерiн тыңдады. Қатысушыларды 7 балдық шкаламен бағалады.
Нәтижесiнде әдiлқазылар танымал қазақ күйлерiн үздiк жеке орындаушыларды анықтады. Кiшкентай оқушылар арасында Гран-придi Оқушылар сарайында шұғылданатын Петропавлдық домбырашы Өмiрзақ Расул жеңiп алды.