1 мамыр — Қазақстан халқы бiрлiгi күнi мерекесi қарсаңында Оқушылар сарайында «Бiр шаңырақ астында» ұлттық мәдениет фестивалi өткiзiлiп, оған Сарай және қала мектептерiнiң оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Сарайдың б и және вокал ұжымдары концерттiк бағдарламаға атсалысты.
Оқушылар мазмұнды, креативтi қойылымдар дайындап, қазақ, орыс, кәрiс, татар, өзбек, поляк мәдениеттерiн бiрiктiре отырып, салт дәстүрлер және әдет-ғұрыптармен таныстырды.
Iс-шараның басты мақсаты — әр түрлi халықтардың достығы мен бiрлiгiн дәрiптеу. Ал қатысқан балалар осы мiндеттерiн жақсы орындады.
«Қатысушыларға арналған белгiлi бiр ереже жоқ, олар өздерi Қазақстанда өмiр сүрiп жатқан ұлтың бiрiн таңдап алып, шығармашылық нөмiрлер дайындады. Фестивальге 5 қатысушыдан 6 команда атсалысып, белгiлi бiр ұлтты таныстырды. Балалар билер, әндер, өлеңдер көрсетумен бiрге әрине әр халықтың өзiне тән дастарханын да көрсете бiлдi» — деп директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмысы бойынша орынбасары Н. Майлина өз ойымен бөлiстi.
Балалар бар ықыластарымен қатысты және көрермендерге, өз ұлттарын таныстырды, сол халықтың мәдениетi мен дәстүрлерi жайында айтты. «Бiр шаңырақ астында» фестивалi аяқталған соң барлық қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етiлдi, сондай-ақ, мерекелiк дастархан жайылды.