2019 жылғы 17 маусымда Оқушылар сарайында «Мағжан оқуларының» республикалық кезеңi өткiзiлдi. Байқау үш аталым бойынша өткiзiлдi:
- Мағжан шығармаларын барынша көп жатқа бiлу;
- өз шығармасын: өлең, ән, күйлер орындау байқауы;
- Мағжан Жұмабаев шығармашылығын зерттеу жұмысы.
Байқауға облыстың жалпы және арнайы бiлiм беретiн мектептерiнен 5-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау мақсаты — өскелең ұрпақтың азаматтылық сезiмiн қалыптастыру, ұлттық патриоттық сана-сезiмiн дамыту және нығайту. Бiрiншi орынды иеленген қатысушыларға сыйлықтар табыс етiлдi. Байқауға қатысушылардың барлығына да сертификаттар және естелiк сыйлықтар тапсырылды.