«Оқушылар сарайы» МКҚК 2020 жылдың 01.07-06.07 аралығында «Мен бұны қалай жасаймын» атты жас суретшілердің қашықтықтан байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: рухани даму басымдықтарын дамыту, шығармашылық талғамын қалыптастыру.
Байқауға келесі жас санаттары бойынша12 қатысушы қатысты:
– кіші жас санаты: 6-10 жас;
– орта жас санаты: 11-13 жас;
– ересек жас санаты: 14-16 жас.
Ережеге сәйкес байқау қатысушылары байқаудың тақырыбына сәйкес келетін бейнероликтер тапсыруы тиіс болатын.
«Мен бұны қалай жасаймын» атты жас суретшілердің негізгі конкурстық тақырыбына кезең бойынша сюжет жұмысын әзірлеуге рұқсат етілген болатын:
– Академиялық сурет, кескіндеме, станоктық композициялар;
– Декоративтік қолөнер шығармашылығы;
– Компьютерлік графика;
– Мүсіндеу;
– Кәсіптік пәндер;
– Шығармашылық тапсырмалар.
Конкурстық комиссия балалардың жұмыстарын орындаудың келесі критерийлері бойынша бағалады: бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкес келуі, шығармашылық жаңашылдық, түпнұсқалылық және жалпы эмоционалдық қабылдау.
2020 жылғы 7 шілдеде конкурстық комиссия қорытындысын шығарды.
Жас суретшілер қашықтықтан байқауының жеңімпаздары анықталды:
6-10 жастағы қатысушылар арасында:
1 – орын – Таран Милослава, 7 жас, «Шортики»
Габитова Анна, 10 жас, «Пейзаж акварелью»
2-орын – Куликова Виктория, 10 жас, «Портрет»
3-орын – Куликова Виктория, 10 жас, «Фантазия»
11-13 жастағы қатысушылар арасында:
1 орын – Сафонова Арина, 12 жас, «Лепка на каркасе»
2 орын – Ахмет Нурсипат, 11 жас, «Пейзаж акварелью»
14-16 жастағы қатысушылар арасында:
1 орын – Бекет Аружан, 16 жас, «Вид из моего окна»
2 орын – Монастырская Анастасия, 16 жас, «Роспись тарелки»
Жеңімпаздар сәйкес дипломдармен, басқа қатысушылар – қатысушы сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушылар марапаттаудың барлық материалдарын электрондық пошта арқылы алды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!