Бүгін 2020 жылғы 15 шілдеде Петропавл қаласының оқушылар сарайында ҚР БҒМ РҚБОӘО қолдауымен қашықтықтан тәртібінде семинар қатысушылары: қосымша білім беруде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдар бейіндері бойынша педагогтер мен мамандарға арналған «IT-технологиялар қосымша білім беруде: жаңа мүмкіндіктер және жетістіктер» атты өзекті және заманауи тақырыбына онлайн-конференция болып өтті.
Петропавл қ. Оқушылар сарайы жұмыс тәжірибесінен қосымша білім беруде білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімді түрлерін директордың IT-бағыты бойынша орынбасары Майлина Нурзия Шакенқызы таныстырды. Осымен Солтүстік Қазақстан облысында «Оқушылар сарайы» МКҚК 1,6 жылдан бері балалар ғылыми-зерттеу шығармашылығының жаңа креативтік инновациялық идеяларына, флагманына өзінің зор рөлін атқаруда.
IТ-технологиялар жас және келешегі зор білім беру мекемесінің қызметінде авангардтық ұстанымды орнықтырды. Сонымен қатар, Оқушылар сарайында біз онлайн-конференцияда көрсеткеніміздей, жоғары білім беру мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың білімін берік дамыту жүйесін құру бойынша жұмыстар іске асырылуда. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Агротехнология факультетінің деканы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты – Шаяхметова Алтын Сейтахметқызы өткізген, оқушылардың жобалық зерттеу жұмысын ұйымдастыруда агроөнеркәсіптік кешендерді цифрландырудың перспективалық бағыттары туралы коучинг конференцияға қатысушылар үшін танымды және қызықты болды.
Ұстаздар өткізген барлық шеберлік-оқулары конференция қатысушыларының кәсіби шеберлік қоржынына және инновациялық білімдеріне зор үлес қосты: бұлар – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ докторанты, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, қосымша білім беру ұстазы – Алешин Дмитрий Васильевич өткізген «Мехатрондық және робототехникалық жүйелерді басқару үдерістерін жобалау негіздері және оларды балалардың техникалық шығармашылығында қолдану»;
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты – Лежнева Марианна Юрьевна өткізген – «Мектептік инновациялық жобаларды ұйымдастырудың әдістері»;
3D-прототиптеу зертханасының қосымша білім беру ұстазы Омаров Жанат Серғалиұлы ұсынған «3D моделдеу, 3D сканерлеу, 3D басып шығару.
Дағдыларды дамыту балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту ретінде». М. Қозыбаев атындағы СҚМУ докторанты, техника ғылымдарының магистрі, қосымша білім беру ұстазы Семенюк Владислав Владимирович оқытуда SDR NI USRP (бағдарламалау қабылдау-таратқыш) қолдануды көрсетті. Ұсынылған технологиялар нәтижесінде балалардың ақпаратпен жұмыс істеу білігі қалыптасады, коммуникативтік қабілеттері дамиды, зерттеушілік білімі, оңтайлы шешімдер қабылдау білігі қалыптасады. Бизнес мектебінің қосымша білім беру ұстазы Булатова Нұргүл Темірболатқызы өткізген «Қаржылық сауаттылық табысты тұлғаның негізі ретінде» шеберлік-оқуы және «Soft srills» дамыту» (қосымша білім берудегі тұлғалық дағдылар) практикумы – конференцияға қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
Оқушылар сарайының ғылыми-биологиялық бағытының меңгерушісі Воробьева Лариса Викторовнаның ұсынған тәжірибесі – «Қосымша білім беру шеңберінде оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысы биологияны оқытуда уәждемені арттыру құралы ретінде», сондай-ақ, физика зертханасының қосымша білім беру ұстазы Макаренко Александр Федоровичтің «Қосымша білім беру шеңберінде оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысы физиканы оқытуда уәждемені арттыру құралы ретінде» атты тәжірибесі ұстаздарға балалардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, олардың өздігінен білім алу біліктерін қалыптастыруға, дербес жұмыс істеудің әр алуан түрлері – ақпараттық-оқу, эксперименталдық–зерттеу және ғылыми-техникалық шығармашылықты жүзеге асыруға бағдар береді. Біздің ұстаздардың білім беру үдерісінде барлық бағыттар бойынша ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді пайдаланатынын және олар бүгігі уақытта жаңашылдыққа және өзектілікке толы екенін атап өту керек. Бүгін онлайн-семинар қосымша білім беруде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдар бейіндері бойынша 43 маманның басын қосып, таныстырды және «IT-технологиялар қосымша білім беруде: жаңа мүмкіндіктер және жетістіктер» тақырыбына өз тәжірибелерін қорландырды.