«Оқушылар сарайы» МКҚК 2020 жылғы 10 шілдеде «Балалар өнертабыстарының күні» қашықтықтан байқауын аяқтады. Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың өнертабыстарға деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқауға 7 қатысушы атсалысып, оларға өздерінің өнертабыстарының (модель, аспап, құрылғы, ыңғайлы құрылғы, ойын, ойыншық, макет және ойлап табу элементтері бар басқасы) тұсаукесерін жасау немесе жаңа, оригиналдық техникалық шешімі мен әлеуметтік және жеке маңызға ие осы уақыт пен болашақты оңтайландыру ұсынылды. Байқау Ережесіне сәйкес қатысушылар байқау тақырыбын ашатын бейнероликтермен таныстыруы тиіс болатын. Конкурстық комиссия «Балалар өнертабыстарының күні» қашықтықтан байқауының қорытындысын шығарып, келесі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – «Комфорт – идея» – Любых Егор, Бескөл орта мектеп-гимназиясы КММ, 5-сынып. Оның жұмысы «Үй субұрқағы» деген атаумен таныстырылды, насостың көмегімен су диірменінің қағидасы бойынша су жоғары резервуарға көтеріліп, сол жақтан ауырлық күші әсерімен қақпақтарға түседі және механизмді қозғалысқа келтіреді.
2 орын – «Зияткерлік шығармашылық» – Муратов Рахат, №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені КММ, 5-сынып, өзінің қарындасына арнап қарапайым материалдардан ұсақ моторикаға арналған дамыту тақтасы-ойынын жасаған.
3 орын – «Зияткерлік шығармашылық» – Қайролла Анель, «М.Жұмабаев ат. жалпы білім беретін мектеп-лицей» КММ, 7-сынып, бояуларды араластырғанда диффузия механизмінің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Ребята проявили фантазию, творческий подход при создании конкурсных видеороликов. Все работы были достойными, яркими, разнообразными и интересными. Жеңімпаздар сәйкес дипломдармен, басқа қатысушылар – қатысушы сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушылар барлық марапаттау материалдарын электрондық пошта арқылы алады. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, алға қойған мақсаттарында табысқа және жетістікке жетулеріне тілектеспіз!