«Қозғалыс – өмір» қашықтықтан байқауының қорытындысы

«Оқушылар сарайы» МКҚК 2020 жылғы 27 шілдеде «Қозғалыс – өмір» қашықтықтан байқауы мәресіне жетті.

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақты салауатты өмірге және өздігінен оқшаулану жағдайында тұрақты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту.

Біздің көпшілігіміз карантин режимінде үйде уақыт өткізудемәз, алайда бұл спортты ұмытуға себеп емес.

«Шектеулі кеңістікте өз жұмыс күндеріңізді қалай түрлендіруге болады?». Нашар көңіл-күймен күресе білу, қарым-қатынас жасауды қолдай білу. Челлендж – бұл жарысқа шақыру және өзіңді сынап көрудің, сондай-ақ, нақты нәтижелерге қол жеткізудің жақсы мүмкіндігі. Демек, сондықтан байқауды ұйымдастырушылар спорттық челленджді іске қосты.

«Мен жарысқа шақырамын!», балаларға спорттағы өз замандастарын өздігінен оқшаулану режимінде сайысуға шақырту жасау ұсынылды.

«Мен жарысқа шақырамын!» байқауына қатысу үшін 20 қатысушыдан өтінім келіп түсті, олар үй жағдайында өздерінің спортпен (жаттығулар, қозғалыс және т.б.) қалай шұғылданатыны туралы бейнежазба түсіру тиіс болатын.

Конкурстық комиссия қашықтықтан байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады.

Креативтік тұрғыдан келген бейнероликтерді жеке атап өткіміз келеді! Көңілді кадрлар, сәтті және сәтсіз дубльдердің үйлесімі және көңілді музыкалық сүйемелдеу! Мұндай өтінімдерді өңдеу өте жағымды және қызықты болды!

1-орынды түпнұсқалығы жағынан келесі қатысушылар бөлісті:

  • Синельник Дмитрий, Рузаевка орта мектебі, 7-сынып
  • Құртай Құдрет Есперлі негізгі орта мектебі, 9-сынып
  • Ганиев Рахат, Айымжан жалпы білім беру мектебі КММ, 11-сынып

2-орын

  • Дудка Вячеслав «Октябрь орта мектебі» КММ, 6-сынып
  • Кенесов Даниал «№19 Қазақ мектеп гимназиясы» КММ, 9-сынып
  • Тлеужан Ибрагим «№19 Қазақ мектеп гимназиясы» КММ, 7-сынып

3-орын

  • Огий Анна, Пресновка орта мектебі КММ, 7-сынып
  • Муртаев Кайнар – «№19 Қазақ мектеп гимназиясы» КММ, 10-сынып
  • Михеев Кирилл

Сонымен қатар, кіші жастағы топ балаларын да ыждаһаттығы үшін «Спортпен көңілдірек!» аталымында алғыс хаттармен атап өткіміз келеді.

Габдуллина Дильназ КГУ «Полтавская средняя школа», 1 кл.

Темиров Назар – Слухаевский атындағы 1 жалпы білім беретін лицей, 1-сынып

Мухтаров Георгий – «№8 орта мектеп» КММ, 1-сынып

Дегоян Амаля – «№17 орта мектеп» КММ, 1-сынып

Звенигородская Юлия – «№8 орта мектеп» КММ, 1-сынып

Чистякова Мишель – 5 жас.

Әрбір қатысушы конкурстық бейнероликтерді жасауда болмысын, табандылығын, ерік-жігерін және шығармашылық тәсілін көрсетті. Балалар тырысып бақты: планкада тұрды, тіземен отырып-тұрды, кеудені көтеріп, қолдарын бүгіп-жазды, тартылды, өздігінен оқшаулану тәртібінде салауатты және спорттық өмір салтын ұстанды. Ал ең жас қатысушы өзінің акробаттық қабілеттерін көрсетті.

«Спортмен өмір бойы Көңілдірек!» олардың ұранына айналды.

Спорттық челлендждің барлық қатысушыларына сәйкес дипломдар мен сертификаттар электрондық пошта арқылы жіберілді.

Біздің көңілді спорттық челленджге қатысқандарыңыз үшін барлық балаларға алғыс айтамыз және оларға спортта табыстар тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 28.07.2020