Бүгiн «Оқушылар сарайы» МКҚК Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған бағдарлама жасау бойынша «LOCAL HACK DAY — 2021» бiрiншi хакатоны өткiзiлдi.
Iс-шара бiлiм алушылар арасында IT технологияларды танымал ету және бағдарлама жасауға қызығушылығын арттыру; қазiргi заманғы IT технологиялар саласында бiлiм алуда және оларды практикада қолдануда қатысушылардың әлеуетiн анықтау мен ашудың қазiргi заманғы ақпараттық жүйелерi мен технологияларының жұмыс iстеуiне, әзiрлеуiне және дамуына қызығушылықты ынталандыру мақсатында өткiзiлдi.
Хакатон қатысушылары: Бескөл орта мектеп-гимназиясы командасы, Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп-лицей командасы, Лорд дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының командасы, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж командасы, гуманитарлық-техникалық колледж командасы, №26 мектеп-балабақшасы командасы, Оқушылар сарайының екi командасы болды. Команда құрамында үш қатысушы болды, олар бағдарламашы, дизайнер және менеджер рөлдерiн атқарды.
Хакатонды келесi құрамнан тұратын бiлiктi қазылар алқасы бағалады:
қазылар алқасының төрағасы — Астапенко Наталья Владимировна, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетi» КЕАҚ доцентi, PhD докторы»;
қазылар алқасының мүшелерi:
Тұрсынбеков Алмаз Жомартұлы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру институтының оқу жұмысы және әдiстемелiк қызмет бөлiмiнiң жүйелiк әкiмшiсi.
Жүнiсов Ербол Мырзашұлы, «Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк Мектебi» ДББҰ информатика пәнiнiң мұғалiмi.
Хакатон 4 турдан тұрды:
1. мәлiмделген тақырыпқа сәйкес конкурстық тапсырманы әзiрлеу;
2. конкурстық тапсырмаларды алдын ала бағалау, қорғауға дайындау;
3. байқау тапсырмаларын көрсету және қорғау;
4. қорытынды шығару және жеңiмпаздарды марапаттау
Қатысушылар үш сағат iшiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған сайт әзiрлеуi қажет болды. Конкурстық тапсырманы орындау үшiн әр командада Интернетке қолжетiмдi ноутбук болды, қатысушыларға Visual Studio, Xamarin, Android Studio, Unity, Unreal Engine және басқа бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу үшiн қажеттi бағдарламалық кешендердi алдын-ала жүктеу ұсынылды. Сайтты құру бойынша конкурстық тапсырманы орындап қана қоймай, оны қазылар алқасының алдында таныстыру қажет болды. Сайыс барысында бәсекелестiк рухы сезiлдi, команданың әр мүшесi тапсырма орындауға ынталы болды.
Барлық командалар өз сайттарын таныстырғаннан кейiн қазылар алқасының мүшелерi ұпайлар санын есептедi. Хакатонның жеңiмпазы атанған Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж командасы, оның әрбiр мүшесi тиiстi дипломмен марапатталды. Команда жетекшiсi жеңiмпаздарды дайындағаны үшiн мадақтамамен марапатталды. Басқа командалар қатысушы сертификатымен марапатталды.
Iс-шара соңында директордың IT бағыты бойынша орынбасары Н.Ш. Майлина қазылар алқасының мүшелерiне жемiстi жұмысы үшiн алғыс айтып, оларға алғыс хаттар табыс еттi.
Хакатон қызықты, айшықты, нәтижелi болды. Барлық қатысушылар бағдарлама жасау және IT технологиялар саласы бойынша қажеттi ақпарат алды.