2022 жылдың 25 қарашасында «Оқушылар сарайы» МКҚК «Жас журналист» облыстық байқауын өткізді. Байқауға 50-ге жуық жас талант қатысты, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының аудандық мектептерінен 33 қатысушы. Байқаудың мақсаты: заманауи журналистиканың үздік үлгілерін меңгеру және орындау, дарынды балаларды анықтау және қолдау арқылы білім алушының жеке басының рухани мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың жұмысын құзыретті қазылар алқасы бағалады: Шайкенова Айсұлу Жақсылыққызы – кафедра меңгерушісі, «Журналистика» кафедрасының доценті. Филология ғылымдарының кандидаты Нұрсайын Шәріп – Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі, халықаралық «Дәуір» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі, Бейсенбаева Арайлым Қайырбекқызы – «Soltüstık Qazaqstan» қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Испанова Назгүл Қайроллақызы – «Солтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Бондаренко Галина Анатольевна – ҚР Журналистер одағының мүшесі, “Нур.kz” және ” Заң. kz”республикалық ақпараттық агенттіктер собкоры.
Әр номинация бойынша барлық қатысушылардың сөз сөйлеуінен кейін қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
10-12 жас санаты:
1 орын – Галеева Ульяна «Бірінші гимназия» КММ
2 орын – Гайсина Эльнара «№3 Смирново орта мектебі» КММ
3 орын – Айтпаева Дарина «Ленин орта мектебі» КММ
13-15 жас санаты:
1 орын – Амина Досан «№ 3 Бескөл орта мектебі» КММ
2 орын – Черныш Алина «Таман мектеп-бөбекжай кешені» КММ
3 орын – Жүсіп Саида «Әл-Фараби» мектеп-лицейі» КММ
16-17 жас санаты:
1 орын – Ақпанбаева Диана «Бірінші гимназия» КММ
2 орын – Вульф Анастасия «Оқушылар сарайы» МКҚК
3 орын – Вичканов Диаз «№24 орта мектебі» КММ
Қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардың дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, байқауға қатысушылардың басшыларына, сондай-ақ оқушылар сарайы әкімшілігіне жас журналистерді қолдауға арналған байқауды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!