Айта келейік, мереке күні кездейсоқ белгіленген жоқ: бұл күні 1706 жылы Бенджамин Франклин – дипломат, философ, ғалым, американдық мемлекет қайраткері және 12 жасында өзінің алғашқы инновациясын патенттеген өнертапқыш дүниеге келді.
Қазіргі күнде жас ашушылар мен кішкентай ғалымдар көбейіп келеді. Бұл мемлекеттік органдар мен түрлі оқу ұйымдары, соның ішінде қосымша білім беру мекемелері қолдауының арқасында орын алуда.
Оқушылар сарайында ғылым саласындағы жас дарындыларды қолдауға, инновациялық ғылыми жобаларды және оқушылардың шығармашылық қызметін іске асыруға бағытталған үздік ғылыми-технологиялық және техникалық жағдайлар жасалған.