«Qazaqstan international-2019» ашық республикалық фестивалі

2019 жылғы 11-12 мамыр күндерi Тәуелсiздiк сарайында «Qazaqstan International-2019» ашық республикалық фестивалi өттi. Фестивальге спорттық билер бойынша Қазақстанның әр түпкiрiнен 1000-нан астам қатысушы қатысты.

Конкурстың мақсаты — дене шынықтыру мен спортты дамыту, аймақаралық және халықаралық байланыстарды нығайту, салауатты өмiр салтын насихаттау, ұлттық және халықаралықа би ұйымдары арасында достық және iскери байланыстарды орнату, Қазақстанда спорттық бидi танымал ету, халықаралық сайыстарға қатысу үшiн үздiк спортшыларды iрiктеу.

Iс-шараға Оқушылар сарайының тәрбиеленушiлерi қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Александра» бал биi үйiрмесiне қатысатын дарынды балалар Станьков Борис пен Сенаторова София кәсiби лигада ҚР чемпионатының қола жүлдегерлерi атанды. Ең жас дарындар Суслов Эльдар мен Вопилова Александра Беби 6-7 жас санатында 1-орынды иелендi, балалар 4 би орындады. Ювеналдар — 1 санатының «Соло» бағдарламасында екi бiрiншi орынды Политкина Мила иелендi. Сонымен қатар, Ювеналдар — 2 санатында Вопилов Илья мен Налетова Елена 1-орын алды. Барлық қатысушылар өте лайықты өнер көрсетiп, өздерiнiң көркiмен және костюмдерiнiң әсемдiгiмен таң қалдырды. Өнерлi дарындар медал,дармен және дипломдармен марапатталды.

Мақаланы құрған күні: 12.05.2019