«Мағжан оқуларының» республикалық кезеңі

2019 жылғы 17 маусымда Оқушылар сарайында «Мағжан оқуларының» республикалық кезеңi өткiзiлдi. Байқау үш аталым бойынша өткiзiлдi:

  • Мағжан шығармаларын барынша көп жатқа бiлу; 
  • өз шығармасын: өлең, ән, күйлер орындау байқауы; 
  • Мағжан Жұмабаев шығармашылығын зерттеу жұмысы.

Байқауға облыстың жалпы және арнайы бiлiм беретiн мектептерiнен 5-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау мақсаты — өскелең ұрпақтың азаматтылық сезiмiн қалыптастыру, ұлттық патриоттық сана-сезiмiн дамыту және нығайту. Бiрiншi орынды иеленген қатысушыларға сыйлықтар табыс етiлдi. Байқауға қатысушылардың барлығына да сертификаттар және естелiк сыйлықтар тапсырылды.

Мақаланы құрған күні: 18.06.2019