(KZ) «Аққудың қанатына жазылған жыр «поэтиқалық кеш

(KZ)

2021 жылдың 9 ақпанында қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, Петропавл қаласы, оқушылар сарайының қабырғасынан құралған «Толағай» балалар театры «Аққудың қанатына жазылған жыр…» атты поэтикалық кеш өткiздi. Театрдың жас дарындары ақынның ақ қағаз бетiне қара қаламмен жазып кеткен өлеңдерiн халыққа паш кетiп, көрермендi тамсандырып, керемет кештiң куәсi еттi. Баласы бәйгеге шапса анасы тақымын қысады демекшi, балаларының өнерiн тамашалауға келген ата-аналары жас дарындардың өнерiне тәнтi болып, ақынның шығармашылығымен тағы бiр мәрте етене жақын таныс болды. Кеште ақиық ақынның анасына деген махаббатымен қатар, туған жерiне, ауылына, отанға арналған тақырыптағы сезiмге толы, өмiр мен өнегеге толы өлеңдерi оқылып, «Толағай» балалар театрының жастары көрерменнiң ыстық ықыласы мен қошеметiне ие болды.

Дата создания статьи: 12.02.2021