(KZ)
Осы аптада Оқушылар сарайында өткен айшықты шараның бірі – елімізге белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбайдың кеші. Ақынның «Ай таңбалы арғымақ» атты әдеби кеші Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Рухани кешке Қызылжар жұртшылығы аз жиналмады. Ғалым Жайлыбайдың рухты өлеңдері аз емес. Туған жер. Отан тақырыбындағы шығармалары да бір төбе. Жыр сүйер қауым ақынның шығармаларын тыңдап, әсерлі кештің куәсі болды. Сонымен қатар айтыскер ақын Қабдолла Бейісхан ақынға арнау айтты, дәстүрлі әншілер Біржан Есжан мен Ғалымжан Нұрпейісов Ғалым Жайлыбайдың сөзіне жазылған әндерді шырқады.
Ғалым аға Қызылжарға сапары барысында Оқушылар сарайының жас тілшілері жергілікті Қызылжар арнасына ұсынатын «Ұрпақ» бағдарламасының «Бізде қонақта» айдарына сұхбат берді.